ТІЛ ТАҒДЫРЫ – ЕЛ ТАҒДЫРЫ

  Ботакөз Аубакирова (Талдықорған, Қазақстан) |    Завантажити статтю

Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Республикада тегі, тілі мен мәдениеті әртүрлі, бірақ тарихи тағдыры ортақ жүз қырықтан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері тұрады. Қазақстан халқының негізгі бөлігі бес тілдік әулеттің – алтай (69 %), үндіеуропа (30 %), Солтүстік Кавказ (0,4%), синотибет (0,3%) және орал-юкагир (0,2%) әулеттер құрамына кіреді. Алтай тіл әулетіндегі ең ірісі – түркі тобы, ал қазақтар – елдегі түркі халықтарының ішіндегі ең саны көбі болып есептеледі. Үндіеуропа әулетіндегі саны бойынша біріншісі – славян тобы, ал ең ірі славян халқы – орыстар [1].