WINDOWS ҚОСЫМШАСЫНЫҢ ГРАФИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІН ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕГІ БАҒДАРЛАМАЛАУ ТІЛІН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ

  Жұпар Жалғасбекова, Айша Мухтарова (Астана, Қазақстан) |    Завантажити статтю

Қазіргі қоғамның ғылым және техника саласындағы жетістіктері, ақпараттың тұрақты, өзекті дамуы білім беру жүйесін жетілдіруді талап етеді. Қоғамдағы кез-келген өзгерістер жоғары білім жүйесіндегі түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Жоғары мектептерде жоғары деңгейдегі бағдарламалау тілін оқыту салыстырмалы түрде жақында пайда болды. Бұрынырақ, 1960-1970-жылдары ол ЭЕМ-ның жобасымен байланысты мамандықтарда оқытылды.