ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРКІ ФОЛЬКЛОРЫНДАҒЫ ТАЗША БАЛА БЕЙНЕСІ

  Н.У.Сайбекова (Алматы, Қазақстан) |    Завантажити статтю

Қазақ фольклорының тарихи танымдық, идеялық көркемдік ерекшеліктеріне қатысты Ш.Уәлиханов, В.В.Радлов, Г.Н.Потанин, Ә.Диваев тәрізді ғалымдардың еңбектерін атап көрсетуге болады. Сонымен қатар, фольклорлық мұраларға зерттеулер жүргізіп, тұжырымдар жасай отырып, маңыздылығын айқындаған С.Сейфуллин, В.В.Радлов, А.Байтұрсынов, М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Қ.Жұбанов, Р.Бердібаев, Е.Ысмайылов еңбектерінің тағылымдық мәні айрықша. ХХ ғасырда халық ауыз әдебиеті мұрасын жинақтау мен зерттеу саласында көптеген іс шаралар атқарылды. Фольклордың таңдаулы нұсқалары қарапайым әңгіме, ертегі деңгейінен көтеріліп, халық даналығы атты танымды танытқандығын көруге болады. Өмір шындығын, философиялық ойлау жүйесінің дәрежесін, танымдық, көркемдік қызметін, дәстүрлілігін танытумен қатар қазақ философиялық танымының кемеліне жеткендігін тағы да дәлелдеп берді. Халық даналығы ретінде фольклор туындылары өзінің өміршеңдігімен халық саналылығының таңдаулы үлгілері ретінде баршаның назарын аудартқандығын атап айтуға болады.