ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТҮРЛЕРІНІҢ МАҢЫЗЫ

  Жанар Жұбантаева (Қазақстан, Павлодар) |    Завантажити статтю

Бүгінгі күні білім беру жүйесі заман талабына жауап беретін күрделі өзгерістерге енуде. Сондай өзгерістердің қатарында үздіксіз білім беру мәселесінің мақсат-міндеттері, оның қоғамның әлеуметтiк-экономикалық дамуындағы жетекшi рольді иелейтіндігі, қазіргі білім беру жүйесіндегі маңызы алға тартылған. Бұл мақалада үздіксіз білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялардың маңызы мен қызметтері сөз етіледі. Ең алдымен, үздіксіз білім беру, инновация, технология, инновациялық технология ұғымдарының анықтамаларына қысқаша тоқталып өтсек. Үздіксіз білім беру – адамның барлық жас ерекшеліктері кезеңінде оның өмір салтының табиғи және ажырамас бөлігінен тұратын адамның оқу-іс әрекетін жариялайтын білім беру тәжірибесіне берілген көзқарастар жүйесі. Ол ересек өмірдің барлық кезеңдеріне шамаланған білім сатысының жаңа баспалдақтармен құрылып аяқталу қажеттілігімен қамтылады. Үздіксіз білім берудің негізгі мақсаты ретінде тұлғаның шығармашылық әлеуетінің өмірбойылық сапасының арттырылуы түсіндіріледі. Үздіксіз білім беру тұжырымдамасының алғашқы бастамаларын Платон, Конфуций, Сократ, Аристотель, Сенека және басқа да грек ойшыл алыптарының еңбектерінен байқалады. Сонымен бірге Вольтер, Гете, Руссо көзқарастарындағы үздіксіз білім беру идеялары адамзаттық даму толықтығына жетумен байланысты қарастырылған. Үздіксіз білім беру идеясын жүзеге асырудың алғашқы талпыныстары Еуропа қалаларында ХIII-XIV ғасырларда қолөнер цехтарында ашылған «цехтық мектептер» болып табылды[1]. Үздіксіз білім берудің заманауи алғышарттарының негізін қалаған Ян Амос Коменскийдің ойлары қазіргі уақыттағы үздіксіз білім беру тұжырымдамасында нақтылы түрде көрсетілген педагогикалық мұраның ой өзегі болып табылады. Алайда өткен ғасырдың 60-жылдарының аяғында үздіксіз білім беру тұжырымдамасы білім беру жүйесінің орталығы болмай жатып, сәтсіздікке ұшырады.