ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯ НЕГІЗІНДЕ ІШТЕН ЖАНУ ҚОЗҒАЛТҚЫШТАРЫНЫҢ СЕНІМДІЛІГІНІҢ МӘСЕЛЕРІ

  Бакитжан Мурынов, Меирбек Наукенов (Атырау, Казахстан) |    Завантажити статтю

Бүгінгі таңда халық шаруашылығындағы жүк тасымаланың 80% -дан астамы, ал жолаушылар тасымалдаудың75% -дан астамы автокөлік арқылы жүзеге асырылады. Елімізде автокөлік паркінің жұмысын ұйымдастыру және жүзеге асыру оларға техникалық және жөндеу қызметін көрсетуге сай қомақты шығынды қажет. Мысалы, автокөлікті жұмысқа жарамды жағдайда болуын қамтамасыз ету үшін жылына жеке жеңіл автокөлік иесіне 15000-мен 20000 тг, жүк тасымалдаушы көлікке 150000 тг-ден 180000 тг автобустар үшін 200000 тг-ден 300000 тг шығын жұмсалады. Яғни автокөлік негізінде жүзеге асатын тасымал барлық тасымал жүйесінің пайдаланатын отының көлемді тұтынушысы: мұнай өнімінің 66 пайызын, еңбек қорының 70пайызын, ал қаржының 50 пайызын қамтиды.