ЖЕТІНШІ АМАЛДЫҢ КЕЙБІР ҚҰПИЯЛАРЫ

  У.Ж. Жалелов, А.А.Темирбекова, С.Бурибаева (Жезказган, Казахстан) |    Завантажити статтю

Әр оқушының сын тұрғысынан ойлауын қалыптастыруда білім беру жүйесінде жоғары деңгейлі инновациялық әдістер қолданылуда. Кемелді оқыту ісіндегі оңтайлы әдістердің бірегейі – Кембридждік тәсіл дей отырып, кейбір сыныптан тыс іс-шаралардың да тиімді инновациялық іс-әрекеттерге бағыттайтынын педагогикалық іс тәжірибемізде пайымдадық. Дәлірек айтқанда, математиканың жетінші амалы логарифм және логарифм таблицаларын үйренуге білім беру стандарттарында сағат саны аз болғандықтан күрделі логарифмдік түрлендірулерді оқушылар мен студенттердің жеткілікті деңгейде орындай алмайтындығы педагогикалық іс тәжірибемізде айғақталды. Мысалы, логарифмдік өрнектерді бір негізден басқа негізге ауыстыру, натурал логарифнің негізі «е» санының 2,718... мәніне тең болатындығы көпшілік оқушылардың жауаптарында көмескілік танытты. Көмескі білім салдарынан иррационал е=2,718… санының цифрларының саны қанша болса, бұл санды дәл өрнектеп, көрсетуге болмайтынын, бірақ