ТОРҒАЙ ӨЗЕНІ АЛАБЫНЫҢ МАКРОГЕОЖҮЙЕСІ

  Асем Капышева (Астана, Казахстан) |    Download article

Торғай өзені алабының табиғи ландшафтысы өзінің құбылмалылығымен ерекшеленеді - бұнда орманды даладан шөлді жерлерге дейін кездеседі. Негізгі ландшафтыларына жазық дала мен шөлейіт жатады. Қарастырылып отырған аумақтың солтүстігінде орманды жерлер аз ауданды қамтыған. Жазықтық аудан аумағының барлық дерлік солтүстік аудандарының жартысын және оңтүстік-шығыс аудандарын түгел қамтиды. Аумақтың жазықтық жерлерінің барлығы ауыл-шаруашылық базасының негізі. Шөлейітті аудан оңтүстік-шығыс жағында орналасқан. Бұл аудан негізінен мал-шаруашылығына бейімделген. Торғай – Шалқартеңіз алабындағы өзен. Ұзындығы – 825 км. Су жинау алабы – 157 мың км2. Қостанай облысындағы Жалдама және Қараторғай өзендері қосылған жерден басталып, Ақтөбе облысындағы Қаракөл көліне 8 км жетпей тартылып қалады. Аңғары өзен басынан Торғай ауылына дейін кең, ені – 40–60 км, жиегі жайпақ, жайьлмасы тегіс, одан ені – 10– 60 м бірнеше өзектер тарап, терендігі 2-6 м қарасулар пайда болады. Арнасының ені 45–100 м, Торғай аулынан төменгі сағасына дейінгі өзен аңғары (ені – 5–10 км) Тосын құмы өңірінде, бірте-бірте жайылмасы 0,5–1,5 км-ге, ал арнасы 40 м-ге дейін тарылады. Ірі салалары:Ырғыз, Сарыторғай, Қайыңды, Өлкейек, Қараторғай, Жалдама. Жауын-шашын, ыза суынан толысады [1].