МӘДЕНИЕТТІҢ ДАМУЫДАҒЫ ЖАҺАНДАНУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

  Салтанат Сарманова, Айгуль Ахатова (Қарағанды, Қазақстан) |    Download article

Жаһандану және жаңару шарттары Қазақстан мемлекетінің мәдениетінің саясатының басқа да ғылым салаларының дамуына үлкен өзгерістер әкелді. Соның ішінде бұл үрдіске тез бой алдырып өзінің құндылықты тұпнұсқалық күйіне сызат түскені мәдениеті болды. Жалпы ұлт мәдениетін қозғамастан бұрын жаһандану мен жаңару деген не? Соған тоқталып өтетін болсам. Бұл сөз ағылшын тілінен "global" - "дүниежүзілік" деп аударылады, орыс тілінде "глаболизация" деп айтылып жүр. Қазақ тілінде: ғаламдану, жаһандасу, ғаламшарлану, әлемилену дегенді де естиміз. Ал енді ғаламдану – жаһандасу, ғаламшарлану дегеніміздің ұғымдық-мағыналық жағын айтсақ, аты айтып тұрғандай, ғаламдану қандай да болсын үдерістің, іс-әрекет барысының немесе мәдени-әлеуметтік феноменнің, құбылыстың бір ғана ұлт, халық, мәдениет, өркениет немесе құрылық шеңберімен шектелмей, бүкіл планеталық, жұмыр жерлік, бүкіл әлемдік деңгейде көрініс тауып, маңызға ие болуын танытатын ұғым. Жаһандану – үдеріс, орын алып отырған, әлі өз мәресіне жетпеген, аяқталмаған іс. "Жаһандану" бүкіл жер жүзінде жайылу, таралу деген мағынаны да, әлемдік елдердің біртұтас адамзаттық мәдениет қалыптастыру екпініне ілесу дегенді де білдіреді.