БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

  Гүлдәурен Қасымова (Сәтбаев, Қазақстан)  |    Download article

Жаңа мазмұнды білім беру үлгісі бүгінгі таңда алдыңғы қатарлы шетелдік білім беру тәжірбиелерінде нәтижеге бағытталған білім беру моделі деп аталып жүр және осы моделді кеңінен жүзеге асыруда. Бұл парадигма -бүгінгі таңдағы әрекет етуші білім беру жүйесіндегі алғы шарттарды ескеріп және білім беру саласындағы халықаралық міндеттерге назар аудара отырып, жалпы орта білім берудің мазмұнды және процессуалды негіздерін жаңғыртып, тұлғаға бағытталған білм беру үлгісін жүзеге асыруды көздейді[1, с. 23].Ендеше, өскелең ұрпақ мұғалім берген білімді іс-әрекет тәсілдері мен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағылымдарын ғана игеріп қоймай, оны әрі қарай өзінің белсенді, зерделі іс-әрекетімен сабақтастыруы тиіс. Өйткені, қоғамның алға қарыштап дамуы шығармашыл адамдарға байланысты. Оқытудың жаңа технологиялары балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту негізінде білім беруді көздейді. Бұл бастауыш мектеп кезеңінен бастап баланың шығармашылық ойлауын, шығармашылық қиялын дамытуға көп көңіл бөлуді міндеттейді. Еліміздің бәсекеге қабілетті ұланының үш тұғырлы дамытуда, ана тіліндегі өз ойын, пікірін де көркем де анық, нақты етіп бере білу жолында ауызекі және жазбаша шығармашылықты дамыту жұмыстары септігін көптеп тигізері анық.