Тіл білімінде синтаксистік типология мәселесі ХІХ ғасырдың соңынан бастап, эргативтік құрылымдағы тілдер туралы мәлімет белгілі болғаннан кейін сөз бола бастады. Синтаксистік типология жайындағы алғашқы зерттеулер И.И. Мещанинов, Т. Милевский, Ч.Е. Базелл, Ю.В. Рождественский, Г.П. Мельников, Ч. Хомский және т.б. ғалымдар еңбектерінде зерттелген. Аталмыш ғалымдардың еңбектерінде синтаксистік типологияның әр түрлі жақтары қарастырылады. Айталық, И.И. Мещанинов зерттеулерінде сөйлем мүшелерін универсиальды категория ретінде қабылдауға ұсыныс жасаса, Ч.Е. Базелл тілдер жүйесін салыстыру барысында морфологиялық және синтаксистік деңгейлерді біртұтастықта қарастырады, ал Т. Милевский барлық тілдерді концентрлі және эксцентрлік сөйлемі бар тілдер деп бөледі де, универсиальды синтаксистік құрылымды құрылымды ұсынады.
ЖАЛҒАМАЛЫ ТІЛДЕРДЕГІ ЖАЙ СӨЙЛЕМДЕРДІҢ ТИПТІК ТҮРЛЕРІ
Нурзия Абдикарим (Казахстан, Темиртау) | Download article