Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Білім беру «Қазақстан-2030» үзақ мерзімді стратегиясының маңызды басымдықтарының бірі болып табылды. Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы мақсаты білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев Республиканы әлемдегі бәсекеге қәбілетті 50 елдің қатарына енгізу туралы міндет қойған болатын. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады» деп көрсетілген [1]. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында және басқа ТМД елдерінде оқушыларға білім берудің жаңа технологиялары енгізілген, яғни ЖОО – да, орта білім мектептерінде, сондай-ақ, «Техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту» жобасы шеңберінің оқу үрдістерінде жалпы физика курсын компьютер көмегімен виртуалды-көрнекілік түрде оқыту, демонстрациялық практикум жасау, физикадан зертханалық демонстрациялық жұмыстарын орындау мүмкіншіліктері жаңа әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайға қарай бейімделіп келеді. Интернет желісін қарағанымызда жаңа ақпараттық технологиялар мен факторлары, ақпараттық қажеттіліктің қайшылықтары мен үйлесімділік жүйесін анықтайды. Осы бағыттағы зерттеулердің даму деңгейі ғылым мен практиканың қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайды. Оның ішіндегі ең бастысы – оқу үрдісін ақпараттандыру. Физика саласынан білім беру зерттеулерді, физиканы оқыту теориясы, әдістемесі мен оқу-әдістемелік жүйесінің жоғары денгейде жасалмаған.
ОРТА МЕКТЕПТЕ ФИЗИКА САБАҚТАРЫНДА ВИРТУАЛДЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ
Сәуле Нұрқасымов, Сапарбаев Тажибай, А.Койтлеуова (Казахстан Республикасы, Астана қаласы) | Download article