Табиғи жағдайда ЭС (экологиялық соқпақ) жасау саласында әртүрлі пікірлер қалыптасқан [1, 3, 4]. Соқпақ жақсы болуы үшін мұғалімнің таңдау жұмысын табиғи орманда, орманды-парк аймағында, өзен жағасында, немесе елді мекендерде өткізгені қолайлы деген пікір бар. Екінші біреулер, соқпақ барынша «жабайы» және аздап қана жабдықталған, тіпті, белгілі бір жерді бөліп-бөліп қойса да болады дейді. Өйткені, саяхатты басқарушы мұндай соқпақтағы белгілерді алдын-ала біле тұра, тыңдаушылардың назарын сол жерге аударып, ондағы экологиялық жүйені көрнекті құрал ретінде пайдаланып, айтып береді деген де көз қарас бар. Үшіншілер, соқпақтың қажеті жоқ, «табиғи бояу» керек дегенді ұсынады. Бірінші жағдайда, экскурсия жүргізу жеке тәжірибелі ұстазға және де екінші жағдайда, хабардың тиісті белгілер арқылы берілуі қажет. Әйтпесе айтылуға, көрсетілуге керек жерлер қалып қояды. Ал соқпақ керек емес, табиғи болсын деушілер басқалармен есептеспейді. Бұл – экологиялық үйлесімділіктің сырын, яғни борсықтың, тау текенің, бұғы-маралдың, өрмекшінің, құмырсқаның, тағы сол сияқты жануарлар, насекомдардың инстинкпен жасаған соқпақтарын ғылыми-тәжірибе жағынан байланыстырып, оның мәнін шәкіртіне жеткізуден ауытқу деген сөз.
МЕКТЕПТЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ СОҚПАҚ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Назгуль Аужанова, Султан Касенов (Талдыкорган, Казахстан) | Download article