ЖАСҰРПАҚҚА ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

  Қ.Қ, Таубалдиева, Т.Н. Мусирбай, А.Т. Құрманбаева (Алмата, Казахстан) |    Download article

Эстетикалық сезім - адамның еңбек үстінде тарихи қалыптасып дамыған рухани қасиеттерінің бірі. Ұлы ақын М.Жұмабаев „Жаратылыстың, һәм искусствоның сұлу заттары адам жанында сұлулық сезімдерін оятады. Үлбіреген гүл, ... сұлу ай, жүлдызды түн, міне осылар сықылды жаратылыстың сұлу заттары, көріністері ... адам жанына бір ләззат, бір сұлулық толқынын оятып туғызбай қоймайды. ... Сұлулық сезімдері адамның дұрыс, сау ләззат ізденуіне, сұлу нәрсені сүюіне, көріксіз нәрседен жиренуіне, жақсылыққа ұмтылып, жамандықтан тиылуына көп көмек көрсетеді. Сондықтан баланың сұлулық сезімдері жақсы тәрбие қылуына тиісті..." деп, адамдардың өмірдегі, өнердегі сұлулық пен ұсқынсыздықты дұрыс қабылдауы, түсінуі мен сезінуі эстетикалық тәрбиенің басты міндеті екендігін ескертеді. Демек, өнеріндегі кеңістік пен уақыт ұғымдары негізінде эстетикалық тәрбие беру табиғаттағы, өнердегі, еңбектегі ең жақсыны қабылдау, одан ләззат алу, дүниедегі әдемілік атаулыны бағалауға және өнер шығармаларын тануға, қастерлеуге баулиды, оған керісінше ұсқынсыздыққа жағымсыз көзқарасты қалыптастырады.