Тіл білімі саласында терминдер мен терминологияның алар орны ерекше. Өмірдің қай саласы болмасын термин сөздермен біте қайнасып жатады. Олар халықаралық деңгейден бастап, белгілі бір тілдік ортадағы қолданыста уақыт өткен сайын көнеріп не жаңадан қосылып, толысып отырады. Жалпы белгілі бір саладағы терминнің шығып, қолданысқа енуі өте күрделі үдеріс. Оған қойылатын талаптар да аз емес. Алайда, тіліміз үшін маңызды болып саналатын мәселе өзіміздің төл, ұлттық терминдеріміздің қалыптасуы. Бұл тақырып әр қилы уақытта лингвист ғалымдар арасында түрлі пікірлер тудырып жүрді. Өзге тілдерден қабылданған терминдерге деген көзқарас ерте кезде теріс пікірде болса, бертін келе халықаралық терминдерді қолданудың артықшылығын көрсету кең етек алды. Бұл құбылыстың тілімізге қаншалықты әсер ететіндігі туралы әлі де сараптау керек. Белгілі ғалым Ш.Құрманбайұлы: « Өзге тілдерден сөз қабылдамай, сөз алмасу, термин алмасу процесіне мүлде тосқауыл қойып тастау мүмкін де, қажетте емес. Тілдер арасындағы өзара сөз алмасу қашанда болған, бола да береді. Шет тілдері терминқор қалыптастырудың сыртқы көзі ретінде орнымен пайдаланылса дұрыс, ал ұлт тіліндегі термин шығармашылығын шектеп, өзге тілдерден термин қабылдауға жаппай жол беріп қарап отыру шарасыздық. Тілдің бағын байлайтын, мүмкіндігін шектейтін ондай әрекетсіздіктің жалғаса беруіне немқұрайлы қарауға болмайды» деген.[1.65]
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕРМИНДЕРДІҢ АУДАРЫЛУ ЖОЛДАРЫ
Самал Әлбілекова (Қазақстан, Ақтөбе) | Скачать статью