ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ ҚОНЫСТАНУЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

  Зауре Ауезова, А.К. Рысбекова, М.Алишева, Н. Иманусенов, А. Еркін (Астана, Казахстан) |    Скачать статью

Нарық жағдайындағы халық қоныстану үрдісі мен оның нәтижесін зерттеу экономикалық, әлеуметтік және саяси географияның, сонымен қатар халықтар географиясының басты мәселелерінің бірі. Қоныстану - қос мағыналы күрделі термин. Бірінші мағынасы - халықтың аймаққа орналасуы мен таралу процесін, ал екінші мағынасы - олардың аймақтық түрде ұйымдасқан елді мекендер тобын білдіреді. Қоныстанудың жүйелік әдіс-тәсілдерін алғаш рет Н.Н.Баранский қалаларды экономикалық географиялық тұрғыдан тану жайындағы еңбектерінде қарастырды. Н.Н.Баранский өз еңбегінде қоныстану жүйесі мен өндіргіш күштердің аумақтық бірлестігінде қалалардың жетекші рөлін атқаратындығын көрсетті.