Нарық жағдайындағы халық қоныстану үрдісі мен оның нәтижесін зерттеу экономикалық, әлеуметтік және саяси географияның, сонымен қатар халықтар географиясының басты мәселелерінің бірі. Қоныстану - қос мағыналы күрделі термин. Бірінші мағынасы - халықтың аймаққа орналасуы мен таралу процесін, ал екінші мағынасы - олардың аймақтық түрде ұйымдасқан елді мекендер тобын білдіреді. Қоныстанудың жүйелік әдіс-тәсілдерін алғаш рет Н.Н.Баранский қалаларды экономикалық географиялық тұрғыдан тану жайындағы еңбектерінде қарастырды. Н.Н.Баранский өз еңбегінде қоныстану жүйесі мен өндіргіш күштердің аумақтық бірлестігінде қалалардың жетекші рөлін атқаратындығын көрсетті.
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ ҚОНЫСТАНУЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Зауре Ауезова, А.К. Рысбекова, М.Алишева, Н. Иманусенов, А. Еркін (Астана, Казахстан) | Завантажити статтю