Ж. ӘБДІРАШ ЭПИГРАММАЛАРЫНЫҢ ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

  Жансая Ошақбаева Ж.Е. (Талдықорған, Қазақстан) |    Скачать статью

Бертін келе эпиграмма сол кездегі қысқалығын, адамға арналып шығарылатындығын сақтай отырып, біреудің ісіндегі, шығармашылығындағы, тәртібіндегі, мінезіндегі немесе бір нәрсенің сиқындағы, мазмұнындағы кем-кетіктерді, олақтық пен ағаттықты солардың өзіне қарап, арнап сөйлеп отырып сынап-мінейтін, сол кемшіліктерден арылуды үндейтін сатиралық поэзияның бір жанрына айналған. Қазірде де эпиграмма – белгілі бір адамды, затты, болмыс-құбылысты әзіл тұрғысынан бағалайтын немесе күлкі, келемеж ететін, қажет болса, ашық әшкерелейтін сатиралық поэзияның шағын жанры, өз кезінің көкейтесті мәселелеріне тез үн қоса қоюдың тиімді де оперативті формасы. Біздің қазақ әдебиетінде эпиграмманың аты кейінгі жылдарда ғана төбе көрсеткен, Абайдың бұл дәстүрін кейін С.Торайғыров, С.Дөнентаев сергектікпен іліп әкеткенімен, ыждақат қоя ілгері дамыта алған жоқ. Сөйтсе де, қай-қайсында да бірен-саран бірегей эпиграммалар ұшырасады.