Алтай тобына енгізіліп жүрген тілдердің, соның ішінде, түркі және моңғол тілдерінің грамматикалық оқулықтарында аналитикалық тәсіл арқылы мезгілдік, мекендік, мақсаттық және т.б. қатынастарды білдіріп, сөздерді сабақтастыра байланыстырудың амалы болатын сөздердің қатары оларды флективті тілдерден ерекшелейтін құбылыстардың бірі болып табылады. «Негізгі мағыналы сөздің соңына орналасу ыңғайына қарай түркі тілдерін зерттеуші ғалымдардың біразы бұларды послелог деп те атайды... бірқатар зерттеушілер көмекші есімдерді өзге шылаулардан бөліп «служебные имена» немесе «послелоги-имена» деп те атағанды қалайды [1, 449].
СЕПТЕУЛІК ШЫЛАУЛАРДЫҢ СИНТАКСИСТІК ҚЫЗМЕТІ (КЕЙБІР АЛТАЙ ТІЛДЕРІНІҢ ДЕРЕКТЕРІ БОЙЫНША)
Нурзия Абдикарим (Темиртау, Казахстан) | Скачать статью