Қоғамдағы адамзаттық қажеттіліктер артқан сайын, кез-келген өзгерістерге шығармашылық арқылы жету, мәселелерді дәстүрлі емес және сапалы шешетін, қоғамның жылдам ырғақпен дамуына байланысты, адамдарды жағдайлары тез ауысатын өмірге дайындау қажет. Қоғамның жеке тұлғаның шығармашылық ынтасына деген қажеттілігі неғұрлым табанды болса, соғұрлым шығармашылық мәселелердің стимулын және жағдайын, оның шығу көзін теориялық тұрғыда тереңірек қарастыру қажет. Қазіргі білім беру стратегиясы барлық білім алушыларға өз таланттарын және шығармашылық талаптарын, жеке жоспарларын іске асыруларына мүмкіндік жасауда. Бұл позициялар Отандық мектептердің гуманистік даму тенденциясына сәйкес келеді. Білім алушылардың жеке мүмкіндіктерімен педагогтар хабардар болып, оларды үздіксіз дамытып «арттырулары» қажет. Ұжымдық немесе жеке оқу түрі болсын бүгінгі таңда бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық әрекеттерімен байланысты ойлау қабілеттерін дамыту өзекті мәселе. Негізгі құндылықтарды білмей, балалар жалған, күмәнді құндылықтарды тез қабылдайды. Білім берудің негізгі мақсаты өсіп келе жатқан ұрпақты болашаққа дайындау болып табылады. Шығармашылық – бұл осы мақсатты тиімді іске асырушы жол. Шығармашылық – дамудың көрсеткіші креативтілік болып табылады. Психологиялық зерттеулерде креативтілік ұғымы индивидтің жеке және ақыл-ой ерекшеліктерін, мәселелерді дербес шеше алуға қабілеті бір тума ойлардың туындауы және оларды шеше білу кешенімен түсіндіріледі[1]. Креативтілікті индивидтің жеке және тұлғалық ерекшеліктерімен көптеген тұлғаларға тән үрдіс және кешен деп қарастыру қажет. Қазіргі ғылыми зерттеулер тұлғада шығармашылық дамыту бұл жалпы дамуға қайталанбас ықпал беретінін дәлелдейді: эмоциялық сферасы қалыптасады, ойлауы жетіледі, әсемдікке, өнерде және өмірде бала сезімтал бола бастайды. Сабақтағы шығармашылық тапсырмалар тұлғаның жалпы шығармашылығының дамуына, бұл өз кезеңінде қайырымдылықты, қиялды, образдық – ассосиациялық ойлауды, есті белсендіріп, байқампаздықты, интуицияны тәрбиелеп, баланың ішкі әлемін қалыптасуына себепші болады.
БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Айнұр Дүйсенбекова (Қазақстан, Қызылорда) | Скачать статью