Хормен ән айтуға тәрбиелеу өте күрделі процесс болғандықтан «ән айтсаң жаныңды жеп айтасың» дейді халық даналығы. Бұл халқымыздың ежелден ән, өлең айтуды еріккеннің ермегі емес, өзіндік мәні, маңызы бар өнер түрі деп қарағанын көрсетсе керек. Ал егер ән айту өнер болса, өнерді көп еңбектеніп, бар зейінін, ынта-жігерін салып үйрену қажет. Яғни оның өзіндік заңдылықтарын, қыры мен сырын біліп, түсініп айту, жаныңмен толғанып, тебіреніп айту керек деген сыр жатыр бұл сөздердің астарында. Әуеннің сұлу сазына еліктеп сүйсіне, өлеңнің мазмұнына терең бойлап, мағынасын түсініп, сипаты мен, екпіні мен үн бояуын келтіріп елітіп, тыңдаушыңды да өз ырқыңа бағындырып, барынша баурап әкету - өздігінен әрі оңайлықпен келмек емес. Бұл оқып үйренуді, жүйелі түрде жаттығу арқылы, арнайы дағдыларды меңгеруді қажет етеді. Сонда ғана ұлы Абай аңсаған «Құлақтан кіріп бойды алар, көкірегіңе түрлі бой салар» әсем ән туыңдайды.
БІЛІМГЕРЛЕРДІҢ ХОРМЕН ӘН АЙТУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Мадина Әліпбекова (Талдыкорган, Казахстан) | Скачать статью