ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАРДЫ КӨРКЕМДЕУ ДӘСТҮРІНДЕГІ ҚАЗАҚТАРДЫҢ ОРТА АЗИЯ ХАЛЫҚТАРЫМЕН МӘДЕНИ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ

  Мадина Қалдыбекова (Астана, Қазақстан) |    Завантажити статтю

Қазақтың зергерлік өнері ежелгі дәстүрлердің сабақтастығы мен көрші халықтар мәдениетінің өзара ықпалы арқылы қалыптасқан. Әсіресе, Орта Азия халықтары (қырғыздар, өзбектер, тәжіктер, түркімендер, қарақалпақтар, ұйғырлар) мен қазақтардың арасындағы өзара мәдени алмасудың жүзеге асырылуы бұл өнердің дамуына ықпал етті. Сондықтан, қазақтардың, қырғыздардың, өзбектердің, ұйғырлардың, тәжіктердің, қарақалпақтардың зерегерлік бұйымдарды жасау техникасында ортақ белгілері көп болған.