ШЫҢҒЫСТАУ ӨҢІРІНІҢ ТОПОНИМИКАСЫ

  У.У. Умиткалиев, Гаухар Эшбекова (Астана, Казахстан) |    Завантажити статтю

Қазақ халқының өткені мен бүгінгі тарихын білу, оның тікелей жер-су атауларына байланысты болып келеді. Дегенмен, көптеген жер-су атаулары халықтың басынан өткен «сан қилы» замандарында өзгерістерге ұшырап кетіп отырған. Осы себеппен, көптеген топонимдердің халық есінен шығып кетіп бара жатқандығына байланысты, олардың шығу тарихын зерттеу, қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр. Қазақстан жеріндегі әрбір жер-су атауларының өзіндік терең тарихи мағынаға ие. Олардың әрқайсысының атаулары заман талабына сай, қоғамның өзгеруіне байланысты және әртүрлі үлкен тарихтың белесті кезеңдеріне қатысты, халықтық әдет ғұрып, салт-сана, халықтардың қарым-қатынасына және т.б. жағдайларға байланысты өзгеріп отырған.