Аударма модельдері әдетте әрекеттердің үздіксіз жалғасын баяндау үшін қолданылады. Аталған уақытта ең көп таралған аударма модельдерінің қатарына семантикалық, ситуативті (денотативті, формальді), трансформациялық, психолингвистикалық, коммуникативті және ақпараттық модельдер жатқызылады [1; б.97]. Аударма модельдерінің әрқайсысы оның жеке бір бөлігін сипаттайды; бұл кезде модель аппараты аудармашының әрекеттері сол модельдің талаптары мен қарарларына сәйкес жүргізілуін қадағалайды. Сол секілді модельдердің көбісі аударманы сызба не кесте түрінде бейнелейді; бұл сызбалар фазалар мен кезеңдерден тұрады және аударма мәтінінің жасамдалуындағы операциялардың ілеспелілігін анықтайды да тілдік бірліктердің бара-барлығы мен жалпы мәтіннің тұтас дәлдігіне қол жеткізуге мүмкіндік туғызады. Міне осы қасиеті модельдерді аударманың тәсілдері мен түрлерінен айрықшалап тұрады.
АУДАРМА ПРОЦЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ТЕОРИЯЛЫҚ МОДЕЛЬДЕРІ: ТРАНСФОРМАЦИЯЛЫҚ МОДЕЛЬ
Ақерке Бескемер (Астана, Қазақстан) | Завантажити статтю