Қазақстан экономикасын тұрақтандыру және дамытудың маңызды жолдарының бірі – инвестициялық қызметті ұлғайту, ең алдымен еліміздің ішкі резервтерін жұмылдыру және көбірек тиімді пайдалану болып табылады. Президент Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасына Жолдауында өтпелі кезеңнің қиындығын және XXI ғасырдағы республиканың бет бейнесі айқын көрсетілді. Болашақта Орталық Азиядағы Барыс болу үшін, халықтың әл-ауқатын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін экономикалық күш-қуатты арттыру керек. Осы мақсатқа байланысты жеті стратегиялық басым бағыттарды жүзеге асырудың бір көзі – шетел инвестициясын пайдалану. Әрине Қазақстанның халықаралық байланыстары осы кезеңде де алдымен жақын көршілеріміз – Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және басқа да ТМД елдерін қамтиды.
ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІКТЕРГЕ САЛЫНҒАН ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕБІ МЕН ОЛАРДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Лаура Байтуова, Бунед Абдивалиев (Астана, Қазақстан) | Завантажити статтю