ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӘСІПТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК СТАТУСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ

  Жанна Сағидолла, Бақытжамал Ғазиева (Ақтөбе, Қазақстан) |    Завантажити статтю

Адам өміріндегі ең қымбат қазынаның бірі-білім. Еліміздің болашақтағы дамуы, өсіп-өркендеуі, әлемдік кеңістіктегі орны білімнің бағыт-бағдарына, оның тиімділігіне байланысты. Білім беру саласын әлемдік білім талаптарына сәйкестендірудің, білім сапасын жақсартудың басты шарттарының бірі-білікті, білгір, озық ойлы мұғалімнің еңбегіне тікелей байланысты. Олай болса, мұғалімге деген құрмет пен қошемет, мемлекеттік тұрғыдан жасалатын әлеуметтік қолдау оның қоғамдық ортадағы беделін, мерейін өсіретіні белгілі. Педагогтың қоғамдық ортадағы мәртебесі биік болуы тиіс. ҚР «БІЛІМ ТУРАЛЫ» Заңының 50-бабында «мемлекет қоғамдағы педагог қызметкерлердің ерекше мәртебесін таниды және кәсіптік қызметін жүзеге асыру үшін жағдайлар жасайды» делінсе, 51-бабында педагог қызметкерлердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі сөз етілген [1].