Мақалада қазіргі уақыттағы инновациялық бағдарламалар мен интеграциялау шаралары турасында айтылады. Сондықтан өзара әріптестікті арттырып, жан-жақты білім беру мен заманауи технологияларды игеру, бәсекеге қабілеттілікті арттыру, интеграциялауда аса қажеттілігі басты назарға алынады. Қазіргі әлемдік мәселе – бүкіләлемдік тарихи үрдістерді бір жүйеге келтіріп, ортақ тұтастықты құру. [1, 25б.]. Бұл айтылған мәселені жүзеге асыру үшін, қандай салада болмасын инновациялық технологияларды жүзеге асыру басты міндет болып отыр. Инновация дегеніміз – ол аудио, видео, компьютер, сонымен бірге жаңа әдіс- тәсілдердің жиынтығы. Қазір еліміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Біз бүгінде бәсекеге қабілетті, әлеуеті зор, экономикасы қуатты ел құрудамыз. Қазіргі уақытта инновациялық бағдарламалар мен интеграциялау шаралары жөнінде кеңінен айтылып келеді. Интеграцияға алдымен саясаткерлер мен азаматтар мүдделі болуы тиіс. Интеграцияның жеңіл процесс еместігі белгілі. Оған тәжірибе жинақтап, уақытпен бару керек. Дегенмен де әртүрлі жеделдетілген және көп сатылы интеграция формалары экономикалық интеграцияны құруға деген қажеттілікті толық түсініп, саясаткерлер мен тұрғындардың ортақ еркі бір арнаға тоғысқан кезде, яғни әбден пісіп-жетілген кезеңде ғана көкейге қонымды болары сөзсіз. [2]. Бұл тұрғыда екіжақты өзара байланыстардың аса қажеттігін баса айтқан шетелдік ғалымдар тәжірибе алмасу мәселесіне көңіл аударады. Қазақстан бүгінде халықаралық білім жүйесі көшкен Болон процесін қабылдап, студенттер кредиттік жүйе арқылы білім алуда. Бұл жүйеге көшу – Қазақстанның басқа елдермен қарым-қатынасының нығая түсуіне үлесін тигізбек. Осының негізінде халықаралық ғылыми және білім кеңістігіне интеграциялану тетіктері, академиялық жеделдікті дамыту мәселелері мен міндеттері және ортақ білім беру жоспарын түзу инновациялық, ғылыми жобалардағы ынтымақтастықтың маңызы зор. Еліміздің әлемдік қауымдастықтарға мүшелікке енуі білім мен ғылым саласында да интеграция үдерісінің дамуын қажет етеді. Сол себепті, қазақстандық білім беру жүйесінің әлемдік стандарттарға сәйкестендіріліп, өзге елдердегі жоғары оқу орындарымен байланыс орнату – Қазақстан үшін аса маңызды.
БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТІҢ ДАМУЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Айгуль Ахатова, Бақтыгүл Касымова Б (Қарағанды, Қазақстан) | Завантажити статтю