АДЫРАСПАН - ДӘРІЛІК ӨСІМДІК

  Шәріпхан Есенғабылов (Талдыкорган, Казахстан) |    Завантажити статтю

Әсем, сұлу табиғатымыздың аясы өсімдіктер дүниесіне бай. Халық медицинасында емдік мақсатқа қолданылатын, фармацевтика өндірісінде дәрі жасауда пайдаланатын шипалы өсімдікке бай. Дәрілік өсімдіктермен емдеу тәсілі ерте заманнан бері қолданылып келе жатыр. Әбу-Насыр әл-Фараби, Әбу-әли Ибн-Сина, Беруни, Әл-Джуржани, т.б. орта ғасырларда өмір сүрген шығыс ғалымдары қазақ медицинасының дамуына, әсіресе дәрілік өсімдіктерді танып пайдалануға зор ықпал етті. Жер жүзіндегі дәрілердің 40% өсімдіктен дайындалады. Қазақстанда өсетін 6000-ға жуық өсімдік түрінің 500-і дәрілік өсімдіктерге жатады. Соның ішіндегі 30-дан астам түрі Ақтасты өңірінде өседі. Мысалы, адыраспан, алтынтамыр, шырғанақ, итошаған, шайшөп, ермен, көкемарал, өгейшөп, бақ-бақ т.б. Дәрілік өсімдіктерді «өмір шөбі» деп атайды. Сонымен бірге «әр аурудың өз шөбі бар» дейді.