Мемлекетіміздің өзіне және болашақ тәрбиеленушілеріне жеке тұлғалық-гуманды позицияны ұстаушы, білгір де білікті мамандарды даярлауға деген қажеттілігі бірнеше өзекті мәселелерді қозғайды. Осындай өзекті мәселенің бірі – болашақ маманның кәсіби-педагогикалық имиджін қалыптастыру мәселесі. Мұның айғағы Қазақстан Республикасының Жоғары педагогикалық білім берудің басты мақсаты оқушының жеке басының қалыптасуы мен даму мәселесін шығармашылықпен шешуге қабілетті кәсіби жағынан компетентті жаңа формацияның педагогын даярлау делінген. Концепцияда педагогтың компетенттілігі үш тұрғыдан демек, жалпы мәдени, әдіснамалық және пәндік-бағыттылық деп атап көрсетілген. Демек, бүгінгі мұғалімнің, педагогтың, тәлімгердің, оқытушының кәсіби шеберлігін, компетенттілігін жетілдіру бүгінгі педагогика және психология ғылымдарының ең өзекті мәселелерінің бірі болмақ.
БОЛАШАҚ МАМАННЫҢ КӘСІБИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИМИДЖІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Күлшат Хамзина (Астана, Қазақстан) | Завантажити статтю