АТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ТАНЫМДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

  Эльмира Максутова (Сәтбаев, Казахстан) |    Завантажити статтю

«Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым–шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады” –деп, педагог, ғалым В.А.Сухомлинский ұстаздық өнерге ерекше баға берген. Ұстаз жас жеткіншектің жан –жақты дамуына, оның бойында жасырын жатқан шығармашылық қабілетті ашу және белсенді әрекетке келтіру жолында тынымсыз ізденісте болу керек. Жас дарынды тәрбиелеуде және оны ғылыми ізденіске жетектеуде ұстазға үлкен жауапкершілік жүктеп, үздіксіз шығармашылық ізденіске бастайды. Жас дарынды белсенділікке тәрбиелеу, қабілетін ашу, санасында жылт еткен шоқты үрлеп, үлкен жалынға айналдыру – ұстаз міндеті. Оқытылатын пәндер бойынша дарындылық байқатқан оқушылардың шығармашылық икемділіктерін дамыту өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын мұғалімнен педагогикалық-психологиялық ізденісті талап етеді.