29–30 июня, 2015
Лимнология – құрлықтағы су айдындарын, олардағы физикалық, химиялық және биологиялық үрдістерді зерттейтін ғылым [5]. Лимнологияның ғылыми негіздерін XIX ғасырда швейцар ғалымы Ф. Форель еңбектерімен қаланған. Бұл ғылымда гидрология, гидрофизика, гидрохимия, гидробиология, геоморфология және т.б. ғылымдардың зерттеу әдістері пайдаланылады. Лимнология су айдындарының қазаншұңқырлары мен жағалауларының құрылысы м және дамуын, олардың термикасын, судың физикалық және химиялық қасиеттерін, су режимінің ерекшеліктерін, су деңгейі мен балансын, гидрохимиялық қасиеттерін, жануарлар мен өсімдіктер әлемін зерттейді. Қазіргі кезде лимнология ұғымымен қатар, көлтану немесе көл гидрологиясы терминдері де қолданылады.