29–30 апреля, 2016
Шетсіз, шексіз білім иесі академик Әуезовтың терең, түбегейлі зерттеулерінде өлең өнерінің Абай сусындаған бірнеше қайнар көздері, кәусар бұлақтары – ақындық шабыт пен шеберліктің шешуші себептері туралы тұрлаулы тұжырымдар жасалғаны бәрімізге мәлім. Солардың бірі – Абай талантты тамыр тартқан қазақтың сан ықлым ғасырлық тарихы бар орасан бай айыз әдебиеті болатын. Қазақ әдебиетінде Мұхтар Әуезовтей тілге бай зергер жазушы бұрын- соңды болған емес десек, бұл қасиеттің түп-төркіні дәл осы шындықта жатыр:[1, б. 4]. Ол сұлулықты әр нәрседе көрген, сүйген, бағалаған, зерттеген. Оқырманға табиғаттың, әйелдің, ер азаматтың нағыз сұлулығын көрсете алған. «Абай жолы» романын алатын болсақ сұлу Тоғжан бейнесін кәрі кезінде араласып құрған. Осыдан ақынның суретшілік қасиетін көреміз, Тоғжан образын жандандыра түскен. Осындай суретшілік қасиеттің молшылығынан театрда оны көрерменге жеткізу құлшынысы пайда болған. Жазушы Т.Ахтановтың сөзімен айтсақ : «Әуезов өз ұлтының рухани қайта өрлеу дәуірінде туып, өмір сүріп , өз ұлтының рухани құдыретінің нұр шұғыласын күллі әлемге түсірген алапат алаудай болды.:[2, б. 7]»